• Мекен-жайы: г.Абай, ул.Абая, 38
  • E-mail:abaycbs@mail.ru
  • Телефон нөмірі: +7 (72131) 47-08-1
Виртуалдыанықтама Электрондық каталог Кітапты онлайн ұзарту

Абай

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ

«Бекітемін»
«Абай ауданының орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ директоры
Н.Филипенко
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ
 
Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
 
1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 18.11.2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ң қызметіндегі салынған тыйымдар, шектеулер мен рұқсаттар жүйесін білдіреді.
 
2.Әзірлеуші: «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
 
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көзделген ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
 
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты: «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де сыбайлас жемқорлық көрінісін болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көрінісіне нөлдік шыдамдылық.
 
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және кітапхана қызметкерлерінің өздерінің құқықтары мен өз міндеттерін орындауда жауапкершілігі;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың теріс салдарын болдырмау;
  • кітапханалардың қызметінің тиімділігін арттыру.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт кітапхана қызметкерлерінің жұмысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделерін жүзеге асыруда қолданылады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт ОКЖ-ң барлық қызметкерлері орындау үшін міндеттеледі.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану мен орындау бойынша жеке жауапкершілікті ОКЖ-ң барлық қызметкерлері өз мойнына алады.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрінісінен қорғау;
5) мүдделер жанжалын болдырмау.
 
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт негізінде сыбайлас жемқорлық көрінісін болдырмау тұрғысынан лауазымдық міндеттерін орындау бойынша тікелей әрекеттер кірістірілген:  
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделерін орындауда;
2) өз құзырында басшылық және басқа да шешімдер қабылдауда және дайындауда;
3) нормативті құқықтық актілер жобасын дауындауда;
4) тіршілік саласына сәйкес спецификасына қарай басқа да қоғамдық маңызды қарым-қатынаста
 
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен сыбайлас-жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған ұсыныстарды анықтайды.
 
Қызметкерлердің мінез-құлық (іс-әрекеттері) стандарты (ұсыныс):
 
10. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделерін орындауда:
1) КР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің акттарын, басқа нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алу керек;
2) Елімізде Қазақстан халықтары бірлігінің нығаюына, мемлекеттік тілге және де басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға жағдай жасау;
3) шыншыл, адал, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілімен және әріптестермен қарым-қатынас жасағанда көпшілік мақұлдаған моральді-этикалық нормаларды ұстану, сыпайылық пен биязылық таныту;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделеріне қатысты шешімдердің ашық қабылдауын қамтамасыз ету; 
5) өзінің әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырау себебін болдырмау, өзінің қызметінің жақсаруына және кемшіліктерді жою үшін конструктивті сынды пайдалану;
6) жеке сипаттағы мәселелерді шешу жолында қызмет дәрежесін мемлекеттік органдар, азаматтық қызмешілер жәнеде басқа тұлғалар қызметіне ықпалын тигізу үшін пайдаланбау;
7) шындыққа ұласпайтын мәліметтерді таратпау;
8) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған қылықтар мен басқа да құқықбұзушылықтарды болдырмау;
9) мекемеде еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек тәртібі мен шарттарын ұстануын қамтамасыз ету.
 
11. Лауазымдық міндеттер мен басқа да рұқсат беру функцияларына сәйкес қызмет көрсету барысында:
1) тұрақты негізде оның сапасын жоғарлату бойынша шаралар қолдану;
2) қолжетімді формада толық шынайы ақпаратты ұсыну;  
3) өз функцияларыңды орындағанда қарастырылмаған құжаттарды талап етуді болдырмау, ал керісінше әуре-сарсаңға (бюрократия) салатын әрекеттерден аулақ болу;
4) сыбайлас жемқорлық жасауға құқықбұзушылық кезінде басшылыққа баяндау;
 
12. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алғанда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда:
1) мемлекеттік сатып алуға пайдаланатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) мемлекеттік сатып алу ісін жүргізуге қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге тең мүмкіндікті ұсыну, заңмен қарастырылған жағдайдан басқа;
3) мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасы ету;
4) сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау;
5) орындалу құжаттары бойынша орындалмаған міндеттері бар және Борышкерлердің Бірыңғай реестріне енгізілген қосалқы әлеуетті өнім беруші мен(немесе) ол ұсынған мердігерлерге қатысуға жол бермеу.
 
13. Өз құзыры аясында басшылық және басқа да шешімдер қабылдау және дайындау барысында:
1) қызметтік міндеттерді орындау барысында жеке мүддесі үшін немесе мүдделердің жанжалы туындаған жағдайда, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық көрсетсе және сыйлықтар алу әрекеттері болса тікелей немесе нақты басшысына баяндау;
2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу жолында қызмет дәрежесін мемлекеттік органдар, азаматтық қызмешілер жәнеде басқа тұлғалар қызметіне ықпалын тигізу үшін пайдаланбау;
3) әріптестерге, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу және мүліктік, артықшылығы ретінде өз игілігіне пайданы алу үшін жұмысыңа қатысы жоқ қызметтер жасамау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықты анықтауда белсенділік;
5) сыбайлас жемқорлық болған фактілер туралы, жәнеде тез арада материалдарды немесе жеке жанжалды өз ісінің пайдасы үшін жасаған жағдайда басшылыққа баяндау;
6) өкімді орындау үшін жіберілген құжаттың заңдылыққа күмән келтіріп тұрғаны туралы жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлау;
7) егерде өз мүддесі үшін осы жанжалға тікелей басшы іліккен болса жоғарыдағы басшыларға жүгіну;
8) біреуге табыс әкелетін кәсіпкерлік немесе басқа да қызметтерді жүзеге асыруға көмектесуден қалыс қалу;
12. нормативті құқықтық актілерге жоба әзірлегенде сыбайлас жемқорлық фактілері немесе оның белгісі бар нормаларды пайдаланбау.
 
14. Кадрларды іріктеу мен орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырғанда:
1) бекітілген қарау мерзімдерін ұстану;
2) жұмысқа қабылдағанда негізгі міндеттерін, тыйым салу мен шектеулерін түсіндіру;
3) ҚР заңнамаларының талаптарын ұстану;
4) жұмыскерлердің жеке құжаттары туралы мәліметтерді негіссіз жеткізугді болдырмау;
5) еңбек шартын бекітуге қатысы жоқ құжаттарды жұмысқа тұратын үміткерлерден талап етпеу;
6) жұмыскерлерге қатысты қызметтік тергеуді әділ және жан-жақты жүргізу;
1) бағынатын лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігі міндеттері мен көлемін нақты және анық анықтау;
2) бағынатын лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемелерін біркелкі емес бөлісуді болдырмау;
3) олардың қызметін бағалағанда, жәнеде мадақтау жариялағанда немесе тәртіпті бұзғанда жаза қолданған жағдайда әділеттілік пен турашылдықты көрсету;
4) бағынатын жұмыскерлерге қатысты негіссіз айыптау, дөрекілік фактілері, адамның қадір-қасиетін төмендету, әдепсіздік, дұрыс емес мінез-құлық көрсету бойынша әрекеттерджі болдырмау;
5) лауазымдық міндеттер аясында емес орындалмайтын жәнеде заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдерді беруге жол бермеу;
 
15. Басқа да қарым-қатынаста:
1) әріптестер мен азаматтық қызметшілерге қатысты негіссіз айыптау, дөрекілік фактілері, адамның қадір-қасиетін төмендету, әдепсіздік, дұрыс емес мінез-құлық көрсету бойынша әрекеттерді болдырмау;
2) міндеттерді орындау барысында әділеттілікті жәнеде нақты мәліметтерді басшылыққа алу;
3) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншіктегі мүлікті қызметтік мақсатта ғана тиімді және ұтымды пайдалану;
4) ұжымда іскерлік қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға әрекет ету;
5) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылық пен құқықбұзушылықты болдырмау;
6) лауазымдық міндеттерді орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделердің жан-жалын реттеу бойынша толық шараларды уақытылы қолдану;
7) мемлекеттік мүліктің сақталуын, оны қызметтік мақсатта ғана ұтымды, орынды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
8) ұжымда іскерлік және конструктивті қарым-қатынасты орнату мен нығайтуға ықпал жасау;
9) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылық пен құқықбұзушылықты болдырмау
16. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ұстанбаған жағдайда мекеме қызметкерлері жеке жауапкершілікті мойындарына алады.


Последнее обновление: 16.03.2021 10:41, Просмотров (976), Печать

Авторизациялау

Тіркелу