
Абай-ақиқат
Абай-ақиқат
«Абай-ақиқат» аудандық газеті - билік органдары мен аудан халқы арасындағы сенімді байланыстырушы буын. Ол аудандағы маңызды оқиғалардың жылнамасын жүргізуші рөлін орындайды. Газеттің құрылтайшысы – Абай ауданының әкімдігі.
Абай ауданы құрылғанға дейін Абай қаласында жергілікті газет болған емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі жергілікті радионың еншісінде болды.
1997 жылы қала тұрғындарына бұрынғы Мичурин ауданының «Народная трибуна» газеті келіп жүрді, 10 қарашада оның атауы «Абайский вестник» болып өзгертілді.
«Народная трибуна» газетінің аса бай тарихы бар, ең алғашқы нөмірі 1974 жылы 2 ақпанда шыққан. 1997 жылы «Абайский вестник» газеті айына бір реті шығып жүрді, оның тиражы 961 дананы құрады – 4 беттен тұрды. 2001 жылы газет «Абай-ақиқат» атауын алды. . Газеттің құрылтайшысы – Абай ауданының әкімдігі.
«Абай-ақиқат» газеті үнемі даму үстінде, оқырмандардың сұранысына байланысты, заман талабына сай өзінің мазмұнын тереңдете түсуде. Редакция ұжымы ауданның саяси, қоғамдық, әлеуметтік өмірін жан-жақты баяндауға, аудан өміріне үлкен үлес қосқан адамдар туралы әңгімелерді ешқашан тыс қалдырмауға тырысады.
2011 жылы газет толық түрлі-түсті басылымда шығады, газеттің тиражы жоғарлауда, 8-16 бетте басылып шығарылады. Газет апта сайын шығады.
Последнее обновление: 06.01.2021 09:12, Просмотров (2418), Печать