• Мекен-жайы: г.Абай, ул.Абая, 38
  • E-mail:abaycbs@mail.ru
  • Телефон нөмірі: +7 (72131) 47-08-1
Виртуалдыанықтама Электрондық каталог Кітапты онлайн ұзарту

Абай

Кітапханаларды қолдану ережесі

БЕКІТЕМІН
                                                                                     «Абай ауданының орталықтандырылған
                                                                         кітапхана жүйесі» КММ директоры
 
                                                                                     _________________ Н.С.Филипенко
                                                                                     «      »                            2020 ж.
 
АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ
КІТАПХАНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ
 
1.                  Жалпы ережелер
 
 1.1. Абай ОКЖ кітапханаларын қолдану ережесі ҚР Конституциясына, «Мәдениет туралы» Заңына, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына, 8.05.2002ж. Мәдениет министрлігі бекіткен ҚР кітапханалық мекемелерінің қызметі туралы Ережесіне, Абай ауданының ОКЖ туралы Ережесіне және кітапхананың өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жасалынды. 
1.2.Осы ереже қорлар мен ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібін орнатады, негізгі қызмет тізімі мен оларды ұсыну шарттарын қарастырады, кітапханалық-библиографиялық қызмет үдерісінде пайда болатын пайдаланушы мен кітапхана қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды.
1.3. Абай ауданының ОКЖ кітапханалары ақпараттық, мәдени, білім функцияларын орындайтын әмбебап бейінді мемлекеттік кітапханалар болып табылады, олар қазақстандық, шетел, және өлкетану мен жергілікті басылымдарды сақтайтын мекеме, Абай ауданы мемлекеттік көпшілік кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады.
1.4. Абай ауданының ОКЖ кітапханаларының қоры – ҚР бірегей кітапханалық қорының құрама бөлігі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорлары - баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар), жәнеде мультимедиялық басылымдар (CD-дисктер, аудио және бейнежазбалар)
1.5. Абай ауданының ОКЖ кітапханалары:
·         Ұйымдық баспа қоры мен қолжазба құжаттары бар, жәнеде графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық тасымалдаушы құралдағы құжаттар бар;
·         Оларды оқу залы, абонемент жәнеде жүйе ішінде құжаттарды ауыстыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берледі;
·         Пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызметі жүзеге асырылады;
·         Қазақстан Республикасының экономикалық, әдеуметтік және рухани дамуы мақсатында ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорларын тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
 
1.6. Қызметтің дәстүрлі түрлерін кітапхана тегін қамтамасыз етеді.  Жұмыстың жеке түрлері мен қосымша қызметтер және олардың төлем ақысы «Мәдениет туралы» ҚР Заңы мен басқа да заң күші негізінде жасалған «Ақылы қызмет көрсету туралы ережесіне» сәйкес қарастырылады.
 
2. Кітапхананы пайдаланушылардың құқығы
2.1. Кітапхана қорынан құжаттар алуға барлық азаматтар мүдделі, жәнеде ұжымдық абонент болып табылатын кәсіпорындар мен мекемелер кітапхананы пайдалануға құқығы бар.
2.2. Абай ауданының ОКЖ кітапханаларын пайдаланушылардың құқығы:
- тұратын, оқитын, жұмыс істейтін немесе демалатын жерінде кітапхананы пайдалануға; 
- дәстүрлі және электронды каталогтар, электронды дерекқорлар жүйесі және ақпараттындырудың басқа түрлері арқылы кітапханалық қордың құрамы туралы толық ақпаратты тегін алуға;
- тақырыптық көрмелерде және жаңа түскен әдебиеттер көрмелерінде ұсынылған әдебиеттермен таңысуға және пайдалануға;
-  оқырмандар және келушілер үшін ұйымдастурған кітапхананың мәдени-көпшілік шараларына қатысуға;
- жеке және білім алу мақсатында сирек кітаптардан басқа оқу залдарындағы кітапхананың құжаттары мен мерзімді басылымдарын, суретке түсіріп алу үшін мобилді телефонды пайдалануға;
- өздерінің портативті компьютерлерін әкелуге және пайдалануға, оларды арнайы бөлінген розеткаларды пайдалана отырып, Wi-Fi арқылы Интернетке шығу құқымен кітапхананың электр желісіне қосуға;
- кітапхана басшылығының келісімі бойынша құрылған оқырман клубтар мен өзге бірлестіктер жұмысына қатысуға;
- оқырмандар үшін арнайы орнатылған кітапхананың техникалық құралдарын (компьютерді электрондық ресурстармен және Интернетте жұмыс істеу үшін, бағдарламалық жасақтаманы және т.б.), тиісті пайдалану ережелерін сақтай отырып пайдалануға;
- кітапхана қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын енгізуге,  кітапхана әкімшілігінің өкілдеріне қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша барлық ұсыныстарымен, есткертпелерімен шағымдарымен жүгінуге;
- даулы жағдай туындаса Орталық аудандық кітапханаға жүгіну қажет.
2.6. Мектепке дейінгі балалар және мектеп, гимназия, лицейлердің 1-9 сынып оқушыларына Орталық балалар кітапханасы қызмет көрсетеді. Ауылдық кітапхана-филиалдарында балалар бөлімшелері құрылған. Балалар оқуының жетекшілері: мұғалімдер, тәрбиешілер, жәнеде ата-аналар тиісті әдебиеттерді алу үшін Орталық балалар кітапханасының қызметіне жүгінеді.
2.7. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен ҰОС ардагерлеріне кезектен тыс қызмет алуға құқылы, қажеттілік туындаса үйіне барып қызмет көрсетіледі.  
2.8. Пайдаланушы басылым шығармалары мен өзге де құжаттарды үйіне 30 күн мерзіміне ала алады (балалар бөлімінде 15 күнге). Көпшіліктің сұранысында жүрген жаңа журналдар мен басқа да құжаттарды үйге беру мерзімі шектелуі мүмкін. 
2.9. Бір данадағы анықтамалық басылымдар, сирек кездесетін бағалы басылымдар үйге оқуға берілмейді: оларды тек оқу залында оқуға болады.
 
3.      Абай ауданының ОКЖ кітапханаларына азаматтардың жазылу тәртібі
3.1. Кітапханаларға жазылу оқырман формулярын рәсімдеумен сүйемелденеді. Кітапханаға жазылу үшін азаматтар жеке куәлігін немесе төлқұжатын, формулярды толтыру үшін басқа да мәліметтерді хабарлайды.  
3.2. Абай ауданында тұрақты тіркелмеген азаматтар үшін кітапхананың оқу залын пайдалануға құқық беріледі. 
3.3. Пайдаланушы кітапхананы пайдалану Ережесімен танысып өзінің міндеттемесін формулярға қол қою арқылы растайды.
3.4. Оқырман формуляры кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің әрқайсысында толтырылады (оқу залы, абонемент және басқа бөлімдерде).
3.5.            Жыл сайын 3 қаңтардан бастап жүргізілетін пайдаланушыларды міндетті түрде қайта тіркеу кезінде жеке куәлігі мен басқа да мәліметтерді ұсынады.
 
4. Кітапхананы пайдаланушылардың міндеті
4.1. Пайдаланушылар міндетті:
-    Осы Абай ауданының ОКЖ кітапханаларын пайдалану Ережесін сақтау
- кітапхана қорларынан алыған басылым шығармаларын, мультимедиялық және өзге де құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандайда таңба қоймау, беттерін бүктемеу, лазерлі дисктердің беттерін тырнамау;
- оқу залы мен абонемент бөлімдерінің қорынан оқырман формулярына жазылмаған кітапхана құжаттарын ғимараттан алып шықпау;
- алған құжаттарды белгіленген уақытта әкеп беру, қажет болса мерзімін ұзарту;
- ашық қолжетімділігі бар бөлімше қорының орналасуын бұзбау;  
- кітапхана қорларынан алыған басылым шығармаларын немесе өзге де құжаттарды алу кезінде оқырман оны қарап шығуы керек. Егер қандайда бір кемшілік тапса кітапханашыға хабарлау керек, кітапханашы ол басылым шығармаларына немесе өзге де құжаттарға тиісті белгі қоюға міндетті;
- кітапхана мүліктеріне ұқыпты қарау, тазалық пен тәртіпті ұстану;
- кітапхана каталогтары мен картотекаларына ұқыпты қарай: каталог пен картотекалардан карточкаларды алмау, карточкаларға белгі қоймау, ғимараттан каталог жәшіктерін алып шықпау керек;
 - жұмыс жасауға берілген компьютер жабдықтарына ұқыпты қарау;
 Компьютер жұмыс барысында жаңылса бағдарламашы немесе кітапханашы көмегіне жүгіну керек. Өз бетінше компьютердің кез келген аппаратты және бағдарламалық конфигурацияларын өзгерту заңсыз болып табылады;  
 
Төлқұжат пен мекен-жай өзгерісі туралы мәлімет болса оқырман формулярына өзгеріс енгізу үшін кітапханашыға хабарлау керек;
 - қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесінің қағидаларын ұстану;
4.2. Үзілді-кесілді тыиым салынады:
- кітапханаға мас күйінде келуге;
- кітапхана ішінде шылым шегуге;
- кітапхана бөлімдеріне сыртқы киіммен, сөмкемен, пакеттермен және т.б. кіруге;
- әкімшіліктің алдын ала рұқсатысыз кітапхана ішін фотосуретке түсіру, кинотүсірілімдер жасауға;
- кітапхана бөлімдеріне үй жануарларымен кіруге;
- кітапхана ішінде, оқу залдарында азық-түлік өнімдерін пайдалануға;
- кітапхана қызметкерлерінен рұқсат алмай компьютер мен басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалануға;
-  қызметтік орынға кіріп телефонды пайдалануға;
 
4.3. Кітапхана қорларының басылым шығармалары мен өзге де құжаттарды жоғалтқан жағдайда, әлде оларға нұқсан келтірсе азаматтар, өндіріс орындары, мекемелер, ұйымдар міндетті: соған сәйкес оның орнын толтыратын, кітапхана мойындаған тең бағалы басылым немесе құжатты әкеледі. Сондай-ақ жоғалған басылым көшірмелері де қабылданады, оны толықтыра алмаса 8.05.2002ж. Мәдениет министрлігі бекіткен ҚР кітапханалық мекемелерінің қызметі туралы Ережесіне сәйкес бағасының он есе мөлшерінде ақысын төлейді. Жоғалған кітап пен өзге де құжаттардың бағасы нарық бағасымен анықталады.
 
4.4. Кітапхана мүлкіне немесе кітапхана қызметкерлеріне нұқсан келтірген пайдаланушы  ҚР қолданыстағы заңына сәйкес жауапкершілікке алынады.
5.Электронды құралдар. Ақпаратты көшіру.
5.1.  Абай ОКЖ пайдаланушылар – толықмәтінді электронды базалар деректерін, міндетті түрде «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңына сәйкес пайдалану құқығы беріледі.
5.2. Электронды құжатты пайдаланушыға сұрау, көру және таңдау құқығы беріледі.
5.3. Құжаттарды, мақалаларды, ақпаратты кітапхана қорының бір бөлігі болып табылатын басқа құралдардан көшіру, әрекеттегі авторлық құқық туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Рұқсат етіледі:
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушылар (дискет, флеш-порт,CD, DVD, цифрлы камералар және т.б.) оқуға қажетті көлемде, құжаттың 1/3 артық емес көшірмесі жасалады.
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушыға көшірме жасау жоғарыда көрсетілген жағдайда библиограф пен оқырман залының кітапханашысының компьютерінен ғана жасалады.
- Принтерде басып шығару, ақпаратты көшіру библиографтың және оқырман залының кітапханашысының рұқсатымен авторлық құқықты бұзбайтын көлемде, бір дана және құжаттың 1/3 бөлігі басып шығарылады.
- Ақпаратты толық көшіру автормен өзі келіскен жағдайда жүргізіледі.
 
6. Абай ауданының ОКЖ кітапханаларын
пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша міндеттері
 
Кітапхана міндетті:
6.1. Пайдаланушылардың құқығын жүзеге асыру үшін кітапхана қорынан ақпарат пен құжаттарды алуға қолжетімді жағдай жасауға.
6.2. Пайдаланушыларды толық қанағаттандыру мақсатында, пайдаланушылардға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін пайдаланушылардың сұраныстарын зерделеу 
6.3. Пайдаланушы туралы және оның оқып жүргені туралы мәліметті жасырын сақтауға
6.4. Пайдаланушыларды кітапханадағы қызмет көрсетудің барлық түрлерін хабардар ету
6.5. Пайдаланушыға қажет басылым кітапхана қорында болмаған жағдайда басқа кітапханалардан сұрастыру
6.6. Кітапхана қорларындағы құжаттарды есепке алуын, сақталуы мен пайдаланылуын олардың ҚР заңнама талаптарын сақтай отыра сақталуы мен ұтымды падаланылуын белгіленген ережеге сәйкес жүзеге асыру.
6.7. Қордан берілген құжаттардың пайдаланушының тиісті уақытта қайтарып беруін жүйелі түрде қадағалау
6.8. Кітапхананың жұмыс тәртібін ұстану, егер өзгерістер болған жағдайда пайдаланушыларды уақытында хабардар ету. 
 
7. Абай ауданы ОКЖ кітапханаларының құқығы
Кітапхана құқылы:
7.1. Абай ауданының ОКЖ туралы Ережесінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес өз бетінше қызметінің мазмұны мен нақты формаларын белгілеуге;
7.2. Осы Ережені бұзған, кітапханаға нұқсан келтірген пайдаланушыларға кітапхананы пайдалану құқығынан айыру мерзімін белгілеуге
7.3 Үйге пайдалануға жалғыз дана анықтамалық, сирек және құнды, сонымен қатар уақытша пайдалануға берілген Абай ОКЖ құрылымдарынан алынған басылымдар берілмесін. Бұл басылымдар тек оқырман залында пайдалануға беріледі.
 
      Орталық аудандық кітапхананың жұмыс істеу тәртібі
Кітапхана пайдаланушылар үшін сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді  
Демалыс күн – дүйсенбі
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні
 
Орталық балалар кітапханасының жұмыс істеу тәртібі
Кітапхана пайдаланушылар үшін сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді 
Демалыс күн  –  жексенбі
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні
 
Кітапхана-филиалдарының жұмыс істеу тәртібі
Кітапхана пайдаланушылар үшін сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді 
Үзіліс сағ.13.00-ден 14.00-ге дейін
Демалыс күн  – жексенбі, дүйсенбі
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні
 

Қосымша: Ауылдық кітапхана-филиалдар жұмыс істеу тәртібін жергілікті жағдайға қарай ауыл әкімдігінің келісімі бойынша өзгертулеріне болады. 



Последнее обновление: 19.03.2020 11:27, Просмотров (2168), Печать

Авторизациялау

Тіркелу