
Есенгелді а. 10 ф.
Есенгелді ауылынының № 10 кітапхана-филиалы
Кітапхананың ұраны: «Жанның шығармашылығы оқудан басталады»
Кітапханашы
Усачёва Ольга Владимировна
№10 кітапхана-филиалы екі қабатты ғимаратта, Есенгелді, Центральная көшесі, 20 үй мекен-жайында орналасқан, бұдан басқа бұл ғимаратта әкімдік, пошта бөлімі, ФАО бар.
Есенгелді ауылы Нұра өзенінің сол жағалауында, Қарағандыдан 115 км. жерде орналасқан.
Есенгелді ауылының кітапханасы 30-жылдары пайда бола бастады. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде, қазіргі ауылдың орнында ҚарЛАГ аймағының бірі болған. Бұл аймақта, кір жуатын бөлмеден басқа, казармалардың бірінде сол кезде «тыйым салынған» әдебиеттері бар кітапхана болған. Кешке ауыр жұмыстан кейін ҚарЛАГ тұтқындары кітап оқыды. Жер аударылған тұтқындар осы кітапханада жұмыс істеді. Ауыл тұрғындарының есіне салсақ, КарЛАГ кітапханасында керемет әдебиеттер болған. Негізгі қор - көркем әдебиет, сол кездегі танымал классиктердің туындылары.
КарЛАГ таратылғаннан кейін, КарЛАГ-тың бұрынғы тұтқындары 900 дана кітапты совхозға берді. Бұл кітаптар ауыл клубына көшірілді.
Бұл кітапхананың алғашқы кітапханашысы Петр Зеленко Иосифович болды. Ол 1953 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан Мамлютка асыл тұқымды фермасынан тың жерлерді игеруге келген, ол сонымен қатар клуб меңгерушісі болған. Ол бұл лауазымға Есенгелді кеңшарының бірінші директоры Григорий Васильевич Васильевтің комсомол жүктемесі ретінде тағайындалды, өйткені Петр Иосифович құзыретті тұлға болған және музыкалық аспаптарға ие болған.
1956 жылы комсомолдық жүктеме ретінде кітапханашы болып Кононученко Галина Степановна (не Правниченко) тағайындалды, өйткені совхозда кітапханашы лауазымы болмаған. Бұл Франциядан ата-анасымен бірге келген білімді және сауатты әйел еді.
1960 жылы ауыл кітапханасы Есенгелді ауылындағы № 10 филиалы қазіргі кітапхана мәртебесін алды.
Есенгелдинский совхозының кітапханашысы болып Щеблыкина Нина Ниловна тағайындалды. Есенгелді совхозына Нина Ниловна 1959 жылы отбасымен келді. Сол жылы кітапхана басқа ғимаратқа көшірілді, ол кітапханаға қосымша пошта болды. Бұл совхоздың ортасында, пеш жылытуымен жартылай бөлінген үй еді. Ол кездегі кітапхананың кітап қоры 2000-ға жуық дананы құрады. Негізінен саяси әдебиеттер болды.
1984 жылы кітапхана қайтадан жартылай ғимаратқа көшірілді, сол кітапхананың кітапханашысы Валентина Селиванова болды.
2001 жылдан бастап Усачева Ольга Владимировна ауылдық кітапхананың кітапханашысы болып жұмыс істейді. 2004 жылы Есенгелді ауылының кітапханасы «Үлгілі ауыл кітапханасы» мәртебесін алды.
Үлгілік ауылдық кітапхана - техникалық жабдықталған, бағдарламалық қамтамасыздандырумен жергілікті ақпарат, өлкетану, өзін-өзі тәрбиелеу және рухани орталық.
Кітапхананың ауданы - 110 ш.м. Кітапханада компьютер бөлмесі, жайлы оқу залы, абонемент бар. Кітапхананың кітап қоры 7290 дана. Жылына оқырмандар саны - 650 адам. Кітап берілімі 12000 дана.
Кітапхана өзіндік эстетикалық дизайнымен ерекшеленеді. Есенгелді ауылының кітапханасы «Мәдениет арқылы бейбітшілік» тақырыбында жұмыс жасайды. Кітапхана қызметкерлерінің негізгі міндеті - республикамыздың мәдени мұрасын, елде тұратын халықтардың салт-дәстүрін насихаттау. Бұл тақырып Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтықты және жауапкершілікті дамытуға көмектеседі.
Ауыл кітапханасы - қазіргі заман талабына сай ауылдық кітапхананың заманауи үлгісі.
Кітапхана өз жұмысында әр түрлі оқырмандар тобының, соның ішінде ауылшаруашылық мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, қарт азаматтардың қызығушылықтарын көрсетеді және әр түрлі кітап қорын ұсынады.
Қазақстанның кітап панорамасы ғылыми, оқу және қоғамдық-саяси әдебиеттер, журналистика және көркем әдебиеттермен ұсынылған. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы кітаптарға ерекше назар аударылады.
Мәдени-ағарту жұмыстары клубпен, әкімдікпен, мектеппен тығыз байланыста жүзеге асырылады, барлық ауылдық мерекелер мен қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.
Үлгілі ауылдық кітапхана - бұл техникамен жабдықталған, бағдарламалық қамтамасыздандырумен жергілікті ақпарат, өлкетану, өзін-өзі тәрбиелеу мен рухани орталық. Онда компьютер, КФҚ және теледидар бар.
Мекен-жайы: 100106 Қарағанды облысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылы, Центральная көшесі, 20
Тел 8(721)5962160
Портфолио филиал №10 а.Есенгельда
Последнее обновление: 12.03.2020 10:02, Просмотров (1357), Печать