триединство
«Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады»
(Н.Ә.Назарбаев)
Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген сөздеріне құлақ салсақ, бірнеше тілді меңгеру қашанда артық емес, бірақ өз елімізде туған тіліміз – қазақ тілін өгейсітуге болмайтынын есте сақтау керек. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр.
Кітапхана көпшілік оқырмандар назарына «Үш тілде оқимыз» атты кітаптардың тақырыптық тізімдемесін ұсынып отыр. Бұл тізімдемеде әртүрлі саладағы орталық кітапхана қорының кітаптары тізілген: анықтамалықтар, сөздіктер, Қазақстанның басты құжаттары, өнер саласындағы әдебиеттер, салт-дәстүрлер жайлы кітаптар, Ұлы Абайдың өлеңдер жинағы және тағы басқалар.
Өзге тілді үйрену – жарқын болашаққа бастар жол, ол үлкен байлық.
Біздің мақсатымыз елі мен жерін сүйген оқырмандарды өз тілін құрметтеп, өзге тілді білуге жетелеу, ендеше, осы мүмкіндікті пайдаланып, кітапханаға үш тілдегі кітаптарды оқуға келіңіздер!
Последнее обновление: 18.02.2016 10:26, Просмотров (4519), Печать