Виртуальная справка Электронный каталог Продление книг online

Опрос

Как вы оцениваете книжный фонд ЦБС?
Архив опросов


Абай

Зағыпар Шәкентаев

Зағыпар Шәкентаев 1956 жылы Жаңарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы шаруашылыққа қарасыт Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Саран қаласы Абай атындағы мұғалімдер училищесін, Жезқазған қаласындағы педагогикалық институттың математика факультетін бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласы Совет аудандық комсомол комитетінде жауапты қызметтен бастаған. 1985 жылы жолдамамен облыстық оқу бөліміне жіберілді. 1987 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетіне жауапты қызметке шақырылды. 1992 жылдан бастап облыстық білім беру департаментінде бас инспектор болып қызмет атқарды. 1999 жылдан бері Қарағанды қаласындағы №41 қазақ орта мектебінің директоры. Зағыпар Шәкентайұлы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметі қызметкері. Өлеңдері, көркем әңгіме, новеллалары мерзімді баспасөзде үзбей жарияланып келеді.

«Керқұла көңіл керемет күндер...»

«Сарыарқа кітапханасы» сериясынан



Последнее обновление: 27.11.2017 13:25, Просмотров (5112), Печать

Авторизация

Зарегистрироваться