Ібрахым Ісләмұлы
Ібрахым Ісләмұлы, 1947 жылы Жаңарқа ауданы Атасу кентінде туған. Мамандығы дәрігер, Қарағанды медицина институтының түлегі (1970). Өлкетанушы. Еңбек жолын қиыр Шығыста әскери дәрігер болып бастаған (1970-1972). Ұзақ жылдар Жаңаарқа аудандық тораптық ауруханаларда жемісті қызмет етті. Міндетті медициналық сақтандыру мекемесінің Жаңаарқа филиалының директоры болды (1995-1997). Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары (1992-1995, 1997-2006) қызметн абыроймен атқарды. 2006 жылдан Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. . Ел мен жер тарихына қатысты бірнеше қітап-жинақтардың авторы. Зерттеу мақалалары мен публицистикалық материалдары еліміздің беделді басылымдарында көптеп жарияланған. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Ібрахым Ісләмұлы 2020 жылы өмірден озды.
«Майдангерлерге тағзым. Поклон вам, фронтовики»
Последнее обновление: 27.04.2021 13:14, Просмотров (4845), Печать