Дәулетхан Әбілхайыр үлы
ДӘУЛЕТХАН ӘБІЛХАЙЫР ҰЛЫ 1952-жылы Монғолияның Баян Өлгий аймағының Цэнгэл сұмынының Аққол өлкесінде дүниеге келген. Бастауыш мектеп тауысқан. Ақынның «Дала дидары», «Ой өрнегі», «Соны соқпақ» атты өлең жинақтары Баян-Өлгий аймағының жергілікті баспасынан жарық көрген.
1984-жылы аймақтық«Шұғыла» журналының сыйлығын, 1988 жылы ақындар арасында өткізілген мүшайраның жеңімпазы, 1990 жылғы жыр сайысында 2-орынды иеленген.2015 жылы Абай ауданында өткізілген «Абай–дара, Абай дана қазақта» атты ұлы ақынның 170-жылдық мерей тойында үшінші орын иеленген.
1992 жылы ата мекенге қоныс аударған. Қарағанды обылысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылында тұрады.
Последнее обновление: 27.11.2017 13:18, Просмотров (5035), Печать