Бұйдахан Күмісжан
Бұйдахан Күмісжан 1963 жылғы 24-желтоқсанда Монголия Республикасы Бай-Өлке аймағы Толбо (меңді көл) сұмыны Қоңыр-Өлең бөлімшесінде Әзілпат ақсақалдық 4-ші немересі болып дүниеге келген. 1973 жылы Толбо сұмын Еңбек Ері Ж.Серикбай атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1981 жылы 8- сыныбын тәмамдап, 1982-1983 жылы Бай-Өлке аймағының №1 мектебінің оныншы сыныбын бітірді. Оқып жүрген кезде Аймақтық «Жаңа Өмір» газеті, «Шұғыла» журналдарында «Анашым», «Інішек», «Тұған өлке», «Қарттарым» атты өлеңдері жарық көрді. Монголия елінде Завхан қаласында есепші мамандығын бітірді. Толбо сұмынында 1991-жылға дейін мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1991 жылы Ата қонысқа жер аударды. Қазір Абай ауданы Құлаайғыр ауылында тұрады. Ата мекенге келген соң да қаламын қолынан тастаған жоқ. Абай ауданы ақындарының жырлары топтастырылған «Тұған жер тынысы» атты кітапқа өлеңдері жарияланды.
Последнее обновление: 28.11.2017 16:23, Просмотров (4976), Печать