Әбдіқалықов Құзайра Әбдіқалықұлы
Әбдіқалықов Құзайра Әбдіқалықұлы
Әбдіқалықов Құзайра Әбдіқалықұлы Абай қаласының тұрғыны, жергілікті ақын, ұлағатты ұстаз.
Құзайра Әбдіқалықов 1959 жылы Жаңаарқа ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы Алғабас ауылында дүниеге келген.
1976 жылы Жаңаарқа ауданы орталығындағы №1 В.И.Ленин атындағы орта мектептен түлеп ұшқан. Мектеп бітірген соң біраз уақыт жылқышы болып ауылда еңбек етті.
І.Жарылғапов атындағы кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң Жезқазған педагогикалық институтын тәмамдап, бала арманы орындалады. «Көркем-сурет графика» факультетінде дәріс алып, туған ауылында мамандығы бойынша 10 жыл ұстаздық етті. Еңбек ете жүріп ауыл шаруашылық техникумын экономика және есеп-қаржы мамандығы бойынша бітіріп алды.
Тоқыраған тоқсаныншы жылдардың ортасында Абай қаласына отбасымен қоныс аударады. Қаладағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында еңбек етіп келеді.
Құзайра Әбдіқалықұлының өлеңдері жергілікті мерзімді басылымдар беттерінде жарияланып тұрады. Өлеңдері «Туған жер тынысы», «Жыр арқауы - Жаңаарқа», «Ортауым – алтын бесігім», «Сәкен туған Жаңаарқа», «Ақтауым - атамекенім», «Қырандар ұшқан Қызылтау», «Сұңқар Сәкен», «Арқаның аққан жұлдызы» жинақтарына енген.
Последнее обновление: 02.02.2023 13:29, Просмотров (1750), Печать