• Мекен-жайы: г.Абай, ул.Абая, 38
  • E-mail:abaycbs@mail.ru
  • Телефон нөмірі: +7 (72131) 47-08-1
Виртуалдыанықтама Электрондық каталог Кітапты онлайн ұзарту

Абай

Абай ауданының тарихы

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының және Қарағанды облысының 80 жылдығының аясында жарыққа шыққан «Абай ауданы тарихы» кітабын пайдаланушылар назарына ұсынып отырмыз. Бұл ғылыми-зерттеуде Абай өңірінің көне жәдігерлері, тарихи дамуы, жер-су аттарының өзгеруі, өлке этнографиясы мен мәдениеті, өңірдің әкімшілік-аумақтық өзгерістері, соның ішінде Абай ауданының қалыптасу тарихы баяндалған.

Кітапты оқып өз өлкеміздің тарихын біле жүрейік, құрметті оқырман!

Кітапхана профессор, Қазақстан Республикасының Білім саласының Құрметті азаматы Рәшид Саттарұлы Кәреновтің 2018 жылы батырдың 325-жылдығына орай шыққан «Шерубай Биболдыұлы – жоңғар шапқыншылығы заманының алып батырларының бірегейі» тарихи-әдеби монографиясын ұсынады. 2021 жылы Абай қаласының  60-жылдығы екенін атап айтпасқа болмайды, біздің қаламыз Шерубайнұра кентінен қалаға айналды және қаланың бір көшесіне Шерубай батырдың есімі берілді.    Кітап Абай ОКЖ өлкетану кітаптарының алтын қорына енді. 

Профессор Рәшид Саттарұлы Кәреновтің «ХІХ ғасырдағы Ұлт-азаттық қозғалысының каһарманы – Таймас батыр Бектасұлы» монографиясы батырдың 225-жылдығына орай 2020 жылы жарыққа көрген.  Кітап 11 бөлімнен тұрады. Монографиядағы «Таймас батыр Бектасұлына қатысты шежіре деректері», «Ұлт – азаттық көтеріліс кезінде Таймас Бектасұлымен қатар соғысқан, үзеңгілес болған атақты қазақ батырлары» атты бөлімдер аса маңызды болып табылады. Абай ауданы аумағында Таймас батырдың кесенесі бар. 2020 жылы кесене қайта өңделіп Абай ауданының киелі орындары тізімінен енген. Кітап Абай ОКЖ өлкетану қорының алтын қорының есебінде. 

А.Е.Жартыбаевтің Қарағанды қаласындағы «Гласир» баспасынан 2012 жылы шыққан «Абай ауданының топонимикасы» атты еңбегінде Қарағанды облысы, Абай ауданының жер-су, елді мекен атаулары арнайы мақсатта қарастырылып, тарихи-лингвистикалық, этимологиялық, этномәдени негіздері жүйелі, ғылыми-зерттеу нысанына айналған.

Кітап, тілші мамандарға, студенттер мен магистранттарға және ұлттың рухани қазынасын құрмет тұтатын көпшілік қауымға арналған. 

И.А.Кукушкин, Т.С.Тулеуов, А.И.Кукушкин

Қарағанды қаласында 2015 жылы шыққан «Қарағанды облысы Абай ауданының археологиялық картасы» монографиясында бүгінгі күні белгілі болған, Қарағанды облысы Абай ауданының аумағынан табылған археологиялық нысандар беріліп отыр. Материалдық мәдениеттің анықталған ескерткіштерінің тұрған орындарына және өзіндік белгілеріне қысқаша сипаттамалар беріледі. Әрбір тарихи кезеңге сол өңірде жүргізілетін археологиялық зерттеулер материалдарымен бекітілген тарихи-археологиялық шолулар жасалады.Хронологиялық реті іс-жүзінде тас дәуірінен кейінгі ортағасырға дейінгі қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерін қамтиды.

Жарияланған материалдар археология, алғашқы қауымдастық құрылыс тарихы саласының мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады және мемлекеттік атқару органдарының өкілдері жер бедерлерін жобалау кезінде пайдалануы мүмкін.

 

  

 



Последнее обновление: 15.03.2021 14:13, Просмотров (1915), Печать

Авторизациялау

Тіркелу